Қауымдастыққа мүшелікке өту


«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» ЗТБ

құрамына мүшелікке кіру шарттары

 

Қызметі Қауымдастықтың мақсатына қайшы келмейтін кез келген Қазақстан Республикасындағы  заңды тұлғалар, одақтар, қауымдастықтар, қоғамдық бірлестіктер, қорлар, сонымен бірге Қауымдастықтың Жарғысын ұстанып, оны қолдайтын және басшылыққа алып орындайтын шет елдердің заңды тұлғалары Қауымдастықтың мүшелігіне кіре алады.

Қауымдастыққа қабылдау үшін заңды тұлғаның «Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» Басқарма Төрағасының атына жазылған жазбаша өтініші және Қауымдастыққа мүшелік жарна төлеу негізінде жүзеге асырылады. Қауымдастыққа мүшелік Қауымдастықтың Алқа жиналысында қаралып, бекітіледі.

Қауымдастық мүшелерi өз қалауы бойынша қауымдастықтан кез келген уақытта шығуға құқылы. Бұл жағдайда Қауымдастық мүшесi өзi Қауымдастықтан шыққанға дейін туындаған мiндеттемелерi бойынша шыққан кезiнен бастап eкi жыл бойына оның өзiнiң жарнасына бара-бар субсидарлық жауаптылықта болады.

 

 

Қауымдастыққа кіру үшін мынандай құжаттар ұсынылуы тиіс:

 

1) Қауымдастықтың Басқарма Төрағасының атына жазылған заңды тұлғаның жазбаша өтініші (үлгі шарты қосымшада берілген);

2) Мүшелік жарнасын төлегендігін растайтын құжат (чек);

3) Заңды тұлғаның Жарғысының көшірмесі;

Қауымдастыққа кіруге өтініш берген заңды тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болғаны абзалырақ);

4) Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігінің көшірмесі;

 

 

«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» ЗТБ құрамына мүшелікке кіруге арналған жазбаша өтініш үлгісі.docx