Миссия

Миссия

іскерлік және мәдени байланыстар бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар мен ұжымдық және жеке бастамаларды, бизнес пен мәдениет саласының Азия елдеріндегі мүдделілік сұраныстарын жүзеге асыру платформасы болу. Қауымдастық платформа қалыптастыра отырып, кәсіпкерлік өрісін кеңейтуге, елдің экономикалық және мәдени-рухани әлеуетін дамытуға, Қазақстанның халықаралық имиджін нығайтуға қатысты қолайлы сыртқы жағдайлар жасауға септігін тигізуді көздейді. Қазақстан мен Азия елдері арасында іскерлік мәмілелерді арттыратын, кәсіпкерлік байланыстар мен бірлескен мәдени халықаралық жобаларды жүзеге асыратын «алтын көпірге» айналу

Мақсат



бизнеске, іскерлік ортаға, мәдениет пен өнер қайраткерлеріне, жас дарындарға Азия елдеріндегі іс-шараларда, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдарда қолдау білдіріп, мүдделерін қорғау, олардың қызметіне көмек көрсету. Тура осылайша Азия елдерінің кәсіпкерлері мен мәдениет өкілдері үшін де әртүрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізуге, ұйымдастыруға қолдау, көмектесу

Міндет

Міндет

мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сыртқы нарықта, халықаралық аренада олардың қызметіне көмек көрсетіп, іскерлік, мәдени байланыстарда сол мүддеде жұмыс істеу. Қауымдастық мүшелерінің бірыңғай ұстанымын айқындап, шет елдерде, халықаралық деңгейдегі негізгі бағыттар бойынша стратегиялық бағдарлама жасап, жүзеге асыру