«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» Қауымдастық Алқасы:
Жандарбек Шамильұлы Кәкішев - Қазақстанның саяси және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Атырау облысынан бұрынғы депутаты (2002-2008)
ӨМІРБАЯН:
Гурьев (қазіргі Атырау облысы) облысында 1953 жылы 21 ақпанда дүниеге келген.
Еңбек жолы:
1975 жылы Орал педагогикалық институтын Жалпы техникалық пәндер оқытушысы мамандығы бойынша, 1981 жылы Атырау университетінің Мұнай және газ институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген.
1975-1978 жылдары-Гурьев теміржол көлігі техникумының оқытушысы.
1978-1986 жылдары — комсомол қызметкері, Гурьев облыстық комсомол комитетінің хатшысы.
1984-1985 жылдары-Ауғанстан Республикасында кеңесші.
1985-1989 жылдары-Орал қаласындағы "Омега" қорғаныс зауыты цехының шебері, бастығы.
1989-1995 жылдары-цех бастығы, директордың міндетін атқарушы, Гурьев (Атырау) механикалық зауытының директоры.
1990-1993 жылдары-Гурьев облысы № 65 Гагарин сайлау округінен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты.
1995-2002 жылдары-Атырау қаласы «Шельф» механикалық зауыты ашық акционерлік қоғамының директоры, Бас директоры.
2002-2008 жылдары-Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Атырау облысынан депутаты, Өңірлік және салалық даму комитетінің мүшесі, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі.
2008 жылдан 2010 жылға дейін — шетелдік компанияда кеңесші.
2010 жылдан бастап – «Қазақстан келісім-шарт агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы.
Мемлекеттік марапаттар:
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасы (2008)
"Құрмет" ордені (2007 жыл)
"Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл" медалі (2006)
"Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл" медалі (2005)
"Тыңға 50 жыл" медалі (2004)