«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» Қауымдастық Алқасы:
Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің кеңесшісі, Қазақстанның мемлекет қайраткері.
ӨМІРБАЯН:
1963 жылғы 13 мамырда Батыс Қазақстан облысында (Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында) дүниеге келген.
1988 ж. – Е. А. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген , құқықтанушы.
1994 ж. – Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының мемлекет және құқық институтын тәмамдаған.
Заң ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы.
Еңбек жолы:
1988-1991 жж. – Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.
1991-1994 жж. – ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.
1994-1996 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің аға оқытушысы, деканының орынбасары.
1997-1999 жж. – Қазақ гуманитарлық-заң университетінің мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.
1999-2001 гг. – «Қазақ мемлекеттік заң академиясы» РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры
2001-2006 жж. – Қарағанды облсы әкімінің орынбасары.
2006-2008 жж. – ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің төрағасы.
2008-2017 жж. – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.
2017 жылдың наурызынан – 2019 жылдың 13 маусымына дейін – Маңғысиау облысы әкімі.
2019 жылдың 16 қыркүйегінен – 2020 жылдың 11 ақпанына дейін - Қазқастан Республикасы кәсіподақ федерациясының төрағасы.
2020 жылдың 11 ақпанынан – Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары.
2022 жылғы 31 тамыздан Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. 2022 жылдың 1 желтоқсанында Президент Жарлығымен осы лауазымға қайта сайланды.
Мемлекеттік наградалары:
«Достык» II дәрежелі ордені
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл»
«Ерен еңбегі үшін» медалі