«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» Қауымдастық Алқасы:
Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов - Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы Президиум Төрағасы. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі, Мемлекет және қоғам қайраткері, профессор.
ӨМІРБАЯН
1947 жылы туған. Тәттімбет атындағы Қарағанды музыкалық училищесін (1961), Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (1970) бітірген. Ана тілінен бөлек, испан және ағылшын тілдерін біледі.
Еңбек жолы
> П.И.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының ассистенті (1970-1972), Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аға оқытушысы (1972-1978).
> Филармония оркестрінің әртісі Мехико қаласы (Мексика) 1978-1981 жж Қазақстанға оралғаннан кейін Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының скрипка кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.
> 1987-1997 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры.
> 1997 жылы Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы;
> Қазақстанның музыкалық мұрасын сақтау және дамыту мәселелерін шешуге бағытталған «Асыл мұра» республикалық коммерциялық емес жобасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Дегдар» гуманитарлық қорының президенті;
> 2003 - 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі;
> 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі;
> 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі;
> 2008-2014 жылдры ТҮРКСОЙ Бас хатшысы;
Марапаттар мен атақтар
> І дәрежелі «Достық» ордені (2021 жылғы 2 желтоқсан)
> Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері (1984)
> «Құрмет» Ордені (2000)
> «Парасат» Ордені (2007)
> «Достық» ордені (2007 жылғы 8 наурыз, Ресей) — Ресей-Қазақстан мәдени байланыстарын дамытуға және нығайтуға қосқан зор үлесі үшін
> «Дружба» ордені (2012 жылғы 9 наурыз, Әзірбайжан) — Әзірбайжан Республикасы мен түркітілдес мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтудағы еңбегі үшін
> «Данакер» ордені (2018 жылғы 29 тамыз, Қырғызстан) — Қырғыз Республикасы мен түркітілдес елдер арасындағы мәдени байланыстар мен достықты дамыту мен нығайтудағы зор еңбегі үшін
> «Махтумкули Фраги» медалі (2014 жылғы 15 мамыр, Түркіменстан) - құдірет пен бақыт дәуірінде түрікмен халқының ұлы ойшылы Махтумкули Фрагидің шығармашылық мұрасын зерделеу, тарату және танымал етудегі ерекше еңбегі үшін, сондай-ақ Түрікменстан мен басқа мемлекеттер мен ғылым, білім беру салаларындағы халықаралық ұйымдар арасындағы достық байланыстарды дамытуға қосқан зор жеке үлесін ескере отырып мәдениеттер, гуманитарлық салада, мәдениеттерді жақындастыру және байыту, жемісті еңбек және керемет шығармашылық жетістіктері үшін
> «Поляк мәдениетіне сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі
> Әзербайжан Республикасы Президентінің құрметті дипломы (2022 жылғы 9 наурыз, Әзірбайжан) — түрксойдағы жемісті қызметі және Ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстарды дамытуға сіңірген еңбегі үшін
> «Астанаға 20 жыл» мерейтойлық медалі (2018)
> «Астана» Естелік медалі (1998)
> «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2001)
> «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» мерейтойлық медалі (2005)
> «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» мерейтойлық медалі (2006)
> «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (2008)
> ҚР Президентінің Құрмет грамотасы (1994)
> Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының грамотасы (2011 жылғы 3 қыркүйек) — Тәуелсіз мемлекеттер достастығын нығайту және дамыту жөніндегі белсенді жұмысы үшін
> «Тарлан» сыйлығының лауреаты
> Түркі халықтарына сіңірген еңбегі үшін естелік медалі (2017, Түркі халықтарының дүниежүзілік конгресі)
> Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Естелік медалі (2017)
> «Қазақстан Елшісі» Дипломы (2017)
> Халықаралық қазақ-түрік университетінің төсбелгісі (2017)
> Днепр ұлттық техникалық университеті ректорының алғыс хаты (2022, Днепр, Украина)