Қауымдастық Төралқасы

«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» Қауымдастық Алқасы:

Ербол Қуанышұлы Тасжүреков

f3cb3bbecdcbcef562daf2e7bd411390_1280x720.jpg

Ербол Қуанышұлы Тасжүреков  -  ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі;


ӨМІРБАЯН:

1979 жылы 25 маусымда Тараз қаласында дүниеге келген. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, Х.А. Ясауи атындағы Мемлекеттік халықаралық қазақ-түрік университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, Францияның Ұлттық әкімшілік мектебін бітірген.


Еңбек жолы:

1998 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жж. Астана қ. Алматы аудандық сотында қызмет етті.

2013-2014 жж. – ҚР Өңірлік даму министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту саясаты департаменті Кәсіпкерлік қызметті нормативтік-құқықтық реттеуді жетілдіру басқармасының басшысы; Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау департаменті Өңірлерге мониторинг жүргізу және бағалау басқармасының басшысы.

2014-2016 жж. – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Өңіраралық ынтымақтастық, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары; Өңірлік саясат, өңірлерді талдау және бағалау департаменті директорының орынбасары. 

2016-2018 жж. – ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитеті төрағасының орынбасары.

2018 жылы Шымкент қ. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2018-2019 жж. – Түркістан облысы әкімінің орынбасары.

2019 жылғы сәуірден 2021 жылғы маусымға дейін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарушы директоры – басқарма мүшесі болды.