Қауымдастық Төралқасы

«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы» Қауымдастық Алқасы:

Қанат Бейсек


Қанат Бейсекұлы.jpg

Қанат БЕЙСЕК


Қанат Бейсек - «Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығының» президиум мүгесі, Басқарма Төрағасы.


ӨМІРБАЯН:

1981 жылдың 13 мамырында Қытай Халық Республикасының Тарбағатай өңірінде дүниеге келді.

Білімі жоғары : 2003 жылы Шыңжаң Университетінің химия факультетін бітірген.

2005 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бизнес саласында үлкен жетістікке жетті. 

«Шыңжаң–Саңжы  импорт-экспорт» ЖШС құрып, оны үлкен компанияға айналдырды.

2013 жылы ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданында 10 үздік жас кәсіпкер рейтингіне енді.

2012 жылдан бастап ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы Қытай жастар қауымдастығының алқа мүшесі.

2015 жылдан бастап ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялы ауданы Мемлекеттік жастар уәкілі.

2015-2021 жылдар аралығында ҚХР Шандунь провинциясы Жинан қаласы  жергілікті халық депутаты болды.

2016-2024 жылдары Қазақстанда «Қазақстан-Қытай саудаға жәрдемдесу қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі Басқарма Төрағасы.

Қанат Бейсек Қытай Халық Республикасында  тұңғыш қазақша-қытайша электронды сөздігін құрастырушы автор. Оның басшылығымен шығарылған «Тіл кені» электронды сөздігі Қытай қазақтары тарихында қазақша-қытайша цифрлы аударманың үлкен сұранысын қанағаттандырып, ресми ақпарат жаңалықтары мен  көркем аудармаға қатысты зор ілгерілеушілікке серпін берді.