Қазақстан өңдеу өнеркәсібі 2025 жылы 6,1%-ға өсті

Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі 2025 жылдың қаңтар–шілде айлары аралығында 6,1%-ға өсіп, өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Қазинформ агенттігі ресми деректерге сілтеме жасап хабарлады.

zhio.jpg

Экономикалық өсімге өңдеу саласындағы бірқатар бағыттар айтарлықтай үлес қосқан. Атап айтқанда:

  • машина жасау – +14%,

  • тамақ өнімдері өндірісі – +9,2%,

  • мұнай өнімдері өндірісі – +8,6%,

  • химия өнеркәсібі – +6%,

  • металлургия – +1,3%.

Жалпы, 2025 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстан экономикасы 6,3% өсім көрсетті. Сарапшылардың айтуынша, бұл серпінге өнеркәсіп пен тауарлы өндірістің жоғары қарқыны әсер етуде.

Мамандар өңдеу өнеркәсібіндегі тұрақты өсім алдағы кезеңде де сақталып, ұлттық экономиканың негізгі драйверлерінің бірі болатынын болжап отыр.