Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Қалмұқаметұлы Төребаев Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымына тағайындалды.
1979 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, 2012 жылы Берн университетінің Дүниежүзілік сауда институтын тәмамдаған. Мамандығы – халықаралық экономист, халықаралық құқық және экономика магистрі.
2001-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жүйесінде қызмет атқарған.
2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің кеңесшісі, халықаралық ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары және директоры лауазымдарын атқарды.
2014 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалғанға дейін 2019 жылғы шілдеден бастап ҚР Сауда және интеграция вице-министрі қызметін атқарған.
II сыныпты Екінші хатшы дипломатиялық дәрежеге ие.