Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы басшылығы Алматы қаласының әкімімен кездесті

Бүгін Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығының Президиум Төрағасы Дүйсен Қорабайұлы Қасейінов пен Басқарма Төрағасы Қанат Бейсек Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы Досаевтың қабылдауында болды. 

WhatsApp Image 2025-03-05 at 17.14.41.jpeg

Кездесу барысында Дүйсен Қорабайұлы қауымдастықтың негізгі қызмет бағыты,  атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне тоқталып, ұйымның алдағы жоспарлары туралы жан-жақты баяндады. Президиум Төрағасы өз сөзінде: «Қауымдастықтың басты мақсаты — Қазақстан мен Азия елдері арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, мәдениет әріптестікті дамыту бағытында жаңа жобаларды жүзеге асыру арқылы өзара серіктестікті нығайту» екенін атап өтті. 

Тараптар сауда және мәдениет салаларындағы бірлескен бастамалар, халықаралық деңгейдегі  көрмелер, шет елдермен  рухани-мәдени  ынтымақтастықты  қолдау шараларын талқылады. Сонымен қатар, Алматы қаласының мәдени әлеуетін арттыруға, шағын және орта бизнес субъектілерінің шетелдік әріптестермен байланысын нығайтуға бағытталған нақты ұсыныстар қарастырылды.