Үндістен елшілігіндегі кездесу: сауда және мәдениет бағытында бірлескен жобаларға қызығушылық бар

«Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығының» Президим Төрағасы Дүйсен Қорабайұлы Қасеинов, Басқарма Төрағасы Қанат Бейсек және Басқарма Төрағасының орынбасары Қанат Мәметқазыұлы Қазақстандағы Үндістан елшілігінде болды. Кездесуге Үндістан тарапынан Елшіліктің екінші хатшысы Радж Ананд мырза мен Свами Вивекананда мәдени орталығының директоры, Елшіліктің бірінші хатшысы Санджай Веди мырза қатысты. 

Жүздесу барысында тараптар екі жақты танысу, мәдени және сауда қатынастарын нығайту, сондай-ақ болашақтағы ортақ жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

1222223333.jpg

Үндістан елшілігі өкілдері қонақтарды жылы қабылдап, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастардың маңыздылығын атап өтті. «Әрине, Үндістан мен Қазақстан арасында байланысты дамытудың жан-жақты мүмкіндіктері мол. Әлі де кеңейте түсуге болатын жолдар да баршылық, соның ішінде сауда және мәдениетті қатар алып жүретін сіздердің қауымдастықтың қызметі біз үшін өте қызықты. Сондықтан да, бүгінгі кездесуді екіжақты ынтымақтастық үшін маңызды санаймын», - деп атап өтті әңгіме барысында Радж Ананд мырза. 

ihd.JPG

Кездесу барысында Дүйсен Қорабайұлы Қасеинов өз сөзінде Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталып, өзінің Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі лауазымында Үндістан мәдениетін қолдау бағытындағы жұмыстарын да еске алды:

«Қазақстан Тәуелсіздігін алмай тұрып та Үндістанның өнер және мәдениет өкілдерімен тығыз байланыста жұмыс істеген едік. Бұл егемендік алғаннан кейінгі қазақ-үнді мәдени байланыстарының кеңеюіне септігін тигізді. Әрине, қазіргі министрліктің деңгейінде де көп шаралар атқаруда. Алайда, "Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту қауымдастығы" екі елдің  арасындағы мәдени және сауда ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өзінің жан-жақты жәрлемін тигізе алады», - деді Дүйсен Қорабайұлы. 

kaz.JPG

Бұдан бөлек, Қанат Бейсек «Қазақстан-Азия сауда және мәдениетті дамыту» Қауымдастығының негізгі қызметімен таныстырды. Ол сондай-ақ, Азия елдерімен, соның ішінде Үндістан елімен екіжақты серіктестікті дамытудың маңыздылығын атап өтті:

«Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кеңеюі екі ел кәсіпкерлеріне жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондықтан да, іскерлікті дамыту бағытында форумдар, көрмелер мен кездесулер ұйымдастыру мәселелеріне ортақ көзқарасты дамытқымыз келеді», деді Қанат Бейсек. 

Radj.jpg

Кездесу соңында тараптар өзара әріптестікті одан әрі тереңдету үшін бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға және нақты жобаларға қолдау білдіруге  уағдаласты. Бұл бастамалар Қазақстан мен Үндістан арасындағы мәдени және экономикалық қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге жол ашатыны анық.

1 ].jpg

Қазақстан мен Үндістанның мәдени және сауда байланыстарының тереңде жатқанын ескерсек, бұл кездесудің екі елдің әріптестігін одан әрі дамытуға үлкен серпін беретіні сөзсіз.