Қазақстанның инвестициялық жобалары жалпыұлттық пулында 769 жоба тіркелген. Ондағы инвестициялардың жалпы құны 34,3 трлн теңгеге бағаланған
Жобалар саны бойынша алда тұрған өңірлер:
— Астана — 2,3 трлн теңгені құрайтын 123 жоба;
— Шымкент — 432 млрд теңгенің 62 жобасы;
— Жамбыл облысы — 2,6 трлн теңгенің 49 жобасы;
— Қызылорда облысы — 956 млрд теңгенің 48 жобасы;
— Солтүстік Қазақстан облысы — 755 млрд теңгегенің 46 жобасы.
Жобалардың саны бойынша аутсайдерлер — жаңадан ашылған Ұлытау, Жетісу және Абай өңірлері, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды облыстары сияқты өнеркәсіптік дамыған өңірлер.
Инвестор елдер арасындағы көшбасшылар:
— Қазақстандық инвесторлар — 18,7 трлн теңгені құрайтын 621 жобаны қамтыды;
— Қытай — 3,1 трлн теңгенінің 35 жобасы;
— Ресей — 5,9 трлн теңгенің 31 жобасы;
— Түркия — 1,6 трлн теңгенің 30 жобасы;
— БАӘ — 2,2 трлн теңгенінің 7 жобасы.